Бір аптада қанша қоқыс жиналады?

0
706

Бір аптада шамамен қанша қоқыс жиналады деп ойлайсыз? Дәл осы тақырыпта АҚШ-тың танымал фотографы Грег Сегал қызық эксперимент жасаған. Ол Калифорнияның бірнеше тұрғынын бір апта бойы шыққан қоқысты жинауға шақырады. Бір аптадан соң жиналған қалдықтармен бірге тұрғындарды фотоға түсіріп, оны желіге жариялайды. Грег Сегалдың “Жеті күндік қоқыс” атты фотолар жиыны бүгінде интернетте танымал.

 

Эксперимент қатысушылары бір аптадан соң жиналған қоқыстың қасында фотоға түсуге ыңғайсызданған екен. Фотографтың да мақсаты сол еді. Ол адамдарға аз уақытта жиналған қалдықтардың көлемін көрсетіп, соны азайтудың жолын іздеуге, қоқысты азайтуға шақырғысы келген.

 

Ал сіз, құрметті оқырман, үйіңізден бір аптада қанша қалдық шығатынын ойлап көрдіңіз бе? Оның санын және қоршаған ортаға зиянын азайту үшін не істеуге болады? Бір сәт ойланып көрейікші?

Тағы оқыңыз: Әр адам қоршаған ортаның таза болуына қалай үлес қоса алады?

Comments are closed.