Экософия

“Экософия” қандай жоба?

0
846

Жобаның аты: Экософия

Жұмыс бағыты:  Экология. Сакральды аңыздар. Экологиялық бастамалар.

Қысқаша мәлімет:  Отбасы хрестоматиясы ұжымы экологиялық мәселелерді шешуде “Экософия” ғылымы механизмдерін қолданады. “Экология” мен “Философия” ғылымдарының қосындысынан туындаған. Аталған ғылыми бағыт  1973 жылы Еуропада пайда болған. Ол флора мен фаунаны қорғау үшін табиғат, өсімдіктер әлемі, жануарлар туралы аңыздарды барынша насихаттап, оларды сакральдандыру арқылы қоршаған ортаны сақтап қалуды мақсат етеді.

Мәселен Қазақстанда қарлығаш, аққу сынды құстар киелі деп саналғандықтан ешкім оларды атпайды. Маңғыстаудағы Бекет ата кесенесіңнің маңында арқарлар адамнан қорықпайды. Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесінің басындағы бұлақта балықтар адам қолынан жем жейді.

Аталған ғылым Еуропа елдерінің бәрінде кеңінен қолданылады. Жемісті нәтиже берген жерінің бірі –  Тайланд.

Өткен ғасырда Тайланд халқы жан-жануарларды қырып, ондағы экология жағдайы күрт нашарлап кетеді. Осы кезде Нэнси Нэшем есімді ғалым Будданың 2500 жылдан бергі жиналған ілімдерін ақтарып, табиғат туралы аңыздар жинайды. Будданың пілмен сөйлескені, маймылдың басынан сипағаны, қотыр итке су бергені, ағаш еккені туралы қиссаларды жаппай таратып, мектеп бағдарламасына енгізеді. Арада 20-30 жыл өткенде эко-этикеті жоғары, табиғатты құрметтейтін жаңа буын өсіп шығады. 90-жылдары қалалық саябақтарға маймылдар, пілдер, жабайы құстар келе бастайды. Осының арқасында Тайланд табиғаты экзотикалық туристік елдердің біріне айналды.

Отбасы хрестоматиясы қоры осы теория негізінде Экософия ғылымының қазақстандық негізін қалыптастырып келеді.

Мақсаты мен міндеттері: Табиғат, аң-құстар туралы аңыздарды насихаттау. Соны насихаттау арқылы Қазақстандықтардың бойында эко-этикет қалыптастыру. Қалаларда көше иттері мен мысықтарына тамақ беретін арнайы ыдыстарды қойдыру. Балалар мен жастарға құстарға жемсауыт жасап ілдіру.

Сайт немесе әлеуметтік желі парақшалары :  @otbasyhrestomatiasy

Жетістіктері: Қазақстанға алғаш “Экософия” ғылымын алып келді. “Экософия немесе киелі табиғат” кітабы жарыққа шықты. Осы бағытта жастар мен жасөспірімдер арасында нәтижелі семинар-тренингтер, лекциялар өтіп келеді.

Күтілетін нәтижелер:  Жан-жануарларға зорлық зомбылықтың азаюы. Қоршаған ортаға эко-этикеттің қалыптасуы.

Фото: Baribar.kz/Айгүл Хожантаева

Comments are closed.