Қатыгездікке тыйым. Президент жануарлар туралы заңға қол қойды
Енді жануарларға қатыгездік көрсетуді насихаттайтын кез келген материалдың БАҚ-та жарияланыуына тыйым салынады.
Мемлекет басшысы “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” Қазақстан Республикасының заңына қол қойды”, — делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Бұған дейін жануарларды қорғау туралы заң Қазақстан президентінің қол қоюына жіберілгені хабарланған еді.
“Заң жобасы барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікті насихаттауға және мұндай үгіт-насихаттың кез келген түріне тыйым салады. Жануарлардың иелерінің міндеттері жануарларды күтіп-баптау, есепке алу, тасымалдау, өсіру және өлтіру бойынша белгіленеді. Заң жобасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап иелерінің қаражаты есебінен үй жануарларын міндетті түрде есепке алу енгізіледі. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алуды бюджет қаражаты есебінен жүргізу ұсынылып отыр”, – деді Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды.