Экологтар қоршаған ортаны қалпына келтіру үшін шошқа мен сиырды табиғатқа жіберуді ұсынды
Табиғатты қалпына келтіру үшін экологтар шошқа мен сиырды еркіне қайтару қажет деп есептейді. Бірқатар сарапшы ауыл шаруашылығында жабайы табиғат жағдайларын қалпына келтіру қоршаған ортаның қалыпқа келуіне және сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді деп есептейді.
Авторлар сиыр мен шошқалар табиғи ландшафтта болу арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне үлес қоса алады. Осылайша олар мал экожүйенің бір бөлігі болуы мүмкін деп болжады. Бұл тәсіл бір мезгілде табиғи ландшафтты қалпына келтіреді, азық-түлік өндіреді және ауыл тұрғындарын күнкөріспен қамтамасыз етеді.
Жануарлардың мекендейтін жерлерін қалпына келтіру ағаш егуді, сонымен қатар аумақты су тасқынынан қорғауды қамтиды. Британдық ғалымдар егіншілікке бұл тәсіл қоршаған ортаны жақсартып, арзан әрі сапалы ет алуға мүмкіндік беретініне сенімді.
Сарапшылардың еңбегі мына журналда жарияланған.