Португалия бір рет қолданылатын пластикке тыйым салды

0
1089
Елде мақта тампондары, зергерлік бұйымдар және тамақ ішкенде қолданылатын бірреттік пластик өнімдерін сатуға тыйым салынды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Сонымен бірге қаулыда сусынның сырты және азық-түлік орауға арналған стакандарды тұтынуды 2026 жылдың соңына қарай 80%-ке және 2030 жылдың соңына қарай 90%-ке азайту міндеті қойылғаны атап айтылды.

Португалияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы мақсатқа жету үшін азық-түлік пен сусынға арнайы контейнерлер берілетінін айтты.

Бұған дейін Украинада бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтарға тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған еді. Жақында тиісті заң жобасы әзірленді.

Қызық дерек: ересектерге қарағанда сәбилердің денесінде микропластиктер 13 есе көп жиналады екен.

Comments are closed.