Алматыда экология жағдайына мониторинг жүргізетін онлайн-карта жасалды

0
981

Онлайн-карта мегополис тұрғындарына қоршаған ортаның жағдайы, ауаның сапасы туралы кең мағлұмат береді деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

Бұл – Алматының экология жағдайы жөніндегі барлық мәліметті біріктіретін динамикалық платформа. Мониторинг станциялары әр 20 минут сайын онлайн режимінде ауаның жағдайы жөнінде ақпараттық жүйені іске қосып отырады. Мұндағы көрсеткіштер графиктер және цифрлық деректер түрінде беріледі. ПДК индикаторларының динамикасы да көрсетіледі.

Станциялар атмосферадағы ластаушы заттардың көлемін, сонымен қатар ылғалдылық, температура, қысым, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді. Кезеңнің орташа мәндері және орташа күндік көрсеткіштері есептеледі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған жобаның мақсаты — қарапайым азаматтарға, сарапшылар мен мамандарға онлайн форматта мәліметтер беру. Сонымен қатар, жинақталған көрсеткіштер бойынша ауа сапасының және басқа параметрлердің өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы құрылады.

Еске салсақ, қалада ауа сапасына мониторинг жүргізетін 10 станция бар. LED-экрандарға ақпараттарды шығару және мәліметтер базасына көрсеткіштерді беру үшін онлайн мониторингтің тағы 10 датчигі іске қосылады.

Comments are closed.