Алматыда Көкжайлауды Ұлттық парк құрамына қайтару процедурасы басталды

0
927
Көкжайлау

Алматыда Көкжайлау шатқалын Іле-Алатау ұлттық паркіне қайтару процедурасы басталды деп хабарлайды Zakon.kz.

2020 жылдың қыркүйегінде Іле-Алатау ұлттық паркіне жер телімін қайтару процедурасын жеңілдету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға түзету енгізілді.

Бір-екі айдан кейін 20 желтоқсанда Алматы әкімдігі қаулы шығарды. Онда Туризм департаменті Көкжайлау шатқалы аумағын ақысыз пайдалану құқығын тоқтатқаны айтылған. Бұл туралы қалалық Жер қатынастары басқармасы хабарлады.

Іле-Алатау ұлттық паркіне жерді қайтару бойынша одан арғы процедура үкіметтің шешімімен жүзеге асады.

2014 жылы Үкіметтің қаулысымен Іле-Алатау ұлттық паркінің жері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатынан Алматы қаласы Медеу ауданының резервтік жеріне ауыстырылды. Бұл Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу үшін жасалды.

Қоғам қайраткерлері мен экобелсенділер бұл шараға қарсы шықты. 2019 жылы Президент қарсы шыққандардың пікірін ескере отырып, шатқалда курорт салуға тыйым салды.

Comments are closed.