Елімізде ауаны шамадан тыс ластайтын автокөліктерге салынатын айыппұл көлемі артады

0
896
Автомобиль, түтін

Қазақстанда жаңа Экология кодексінің қабылдануына байланысты ауаға нормадан артық ластаушы заттар шығаратын автокөліктерге салынатын айыппұл мөлшері артады. Бұл Кодекстің “ластаушы төлейді” принципіне сәйкес келеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (334 бап) енгізілген өзгеріске сай, ластаушы заттар мөлшері белгiленген нормадан асса, жеке көлік иесі 10 айлық, заңды тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал бұзушылық бір жылда қайталанса – жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл салынады. Жаңа норма биыл шілдеде күшіне енеді. Әзірше қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 2, қайталанған жағдайда 5 АЕК қана айыппұл жазылады.

Елімізде экология талаптарына сай келмейтін автокөліктер техбайқау кезінде, Экология департаменттерінің Ішкі істер басқармасы немесе көлікті бақылау органдарымен бірлескен рейд барысында және кәсіпорындарға жүргізілетін профилактика тексеруі кезінде анықталады. Автомобильден шығатын ластаушы заттар нормативтерінің сақталуын Экология департаменттері газталдағыш “Автотест”, “Мета-01” және тағы басқа өлшеу құралдары арқылы тексереді.

Comments are closed.