Малды теппе
“Экософия немесе киелі табиғат” кітабынан малды неліктен теппеу керек екені туралы әңгімені ұсынып отырмыз.
Бір күні Мұса пайғамбар Тәңірден бүй деп сұрапты:
– Уа, Жаратқан Ием, маған пайғамбарлық берерде қай ісімді көбірек ұнаттың? – дейді. Ұлық Алла:
– Әй, Мұса, сен Шұғайып пайғамбардың қойын баққаныңда, ішінде бір көтерем қой бар еді. Үнемі отардан бөлініп қала беретін. Сен сол қойға сабырмен қарап, оны ұрып-соқпайтынсың. Сенен басқалары көтерем қойды боқтап-боралап, қамшының астына алатын. Сен қой екеш қойға да рақым қылдың. Егер сол қойды тепкеніңде, сені пайғамбарлықтан да, патшалықтан да, құт-берекеден де мақұрым қалдырар едім, – депті.
Содан бастап Мұса “Малды теппеңдер” деп өнеге айтыпты.