Дүниежүзі тұрғындарының 60%-тен астамы климаттың өзгеруін адамзатқа қауіпті деп санайды

0
1047

Жер шары тұрғындарының 60%-тен астамы климат өзгерістері адамзат үшін үлкен қауіп пен төтенше жағдай деп санайды. Бұл БҰҰ Даму бағдарламасы мамандарының Оксфорд университетінің сарапшыларымен бірлесіп өткізген сауалнама нәтижесінде анықталған.

Зерттеуге 50 елден 1,2 миллионға жуық адам қатысты. Респонденттерге “Климаттың өзгеруі жаһандық төтенше жағдай ма?” және “Климат саясатының алты саласы: экономика, энергетика, көлік, өндіріс және азық-түлік өнімдерін пайдалану, қоршаған орта және адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі 18 басты бағытты қолдайсыз ба?” деген сұрақ қойылды.

Қатысушылардың 64%-і климаттағы өзгерісті жаһандық төтенше жағдай деп санайды.

“Сұрау қорытындысы ұлты, жасы, жынысы мен білім деңгейіне қарамастан, бүкіл дүниежүзі адамдары климаттың өзгеруіне қарсы күрес жүргізудің шұғыл шараларын қолдайтынын көрсетіп отыр”, – деді БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Ахим Штайнер.

14 қаңтарда NASA жыл сайынғы баяндамасында 2020 жыл Жер бетіндегі температураның төртжылдық мерзімінің рекордын қайталағанын мәлімдеген еді.

Comments are closed.