18 қыркүйекте “Бірге таза Қазақстан” акциясы өтеді
2021 жылдың 18 қыркүйегінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздің барлық өңірінде дүниежүзілік “World CleanUp Day” 2021 акциясын өткізеді.
Бұл акцияның мақсаты – табиғатымыздың ластану проблемасына назар аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
“Нұр-Сұлтандағы негізгі алаң болып Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаскесі анықталды. Акцияға қатысуға ниет білдірушілерді Б.Момышұлы 1 мекен-жайында сағат 09.00-де күтеміз. Шығу сағат 09.30-да. Сенбіліктің басталуы сағат 10.00. Барлық ниет білдірушілерді осы ауқымды сенбілікке қатысуға шақырамыз”, – деп хабарланды министрліктің ресми сайтында.